

SD SOFT туралы: Қазақстандағы Autodesk ресми реселлері
SD SOFT - жобалау және құрылыс саласындағы компаниялардың сенімді серіктесі
BIM-модельдеуге көшуді немесе оны кеңейтуді жоспарлап отырған компаниялар үшін де.
Компанияның негізін қалаушылар Autodesk-те жұмыс істеген. Олардың құрылыста, жобаларды басқаруда және бизнесті дамытуда тәжірибесі бар, түрлі елдер мен өңірлердегі BIM бойынша үздік тәжірибелерді зерттеп, қолданып келеді. BIM-ді табысты дамытудың, енгізудің және кеңейтудің басты факторларының бірі - әр елдегі түрлі сала компанияларының тәжірибесін тарату деп санаймыз.
Негізін қалаушылардың BIM тақырыбындағы салалық іс-шараларды ұйымдастыру және оларда баяндама жасау тәжірибесі мол: Autodesk University, Autodesk Community BIM Club жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, «Autodesk: болашақ нысандарын жасау», «Өнеркәсіптегі BIM», BIM-форум, «BIM практикада» және басқа да іс-шаралар мен конференциялар.
«SD Soft» ЖШС Autodesk және Autodesk дистрибьюторы «CAD Systems» ЖШС компанияларымен бірге Орталық Азиядағы Autodesk BIM-көшбасшылары клубының негізін қалаушылардың бірі.
Біздің команда жобаларға BIM-технологияларын енгізуге ғана емес, бірыңғай жұмыс процестері мен әдістемелерін әзірлеуге де көп көңіл бөледі. Бұл жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттырады. Бізде күрделі кейстерді шешу, цифрландыру және трансформация жобаларын басқару тәжірибесі бар: өнеркәсіп, энергетика, тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік жобалау және басқа салалар.
Клиенттерімізге BIM-жобалау мен құрылыс саласында инновациялық әрі оңтайлы шешімдер ұсынамыз, жұмыс сапасы мен жоба мерзімдерінің сақталуына кепілдік береміз. SD SOFT командасы жаңа сын-қатерлер мен күрделі міндеттерге дайын, сондықтан әр жобаны оның өзіндік қажеттіліктерін толық ескере отырып қарастырамыз.



